Алматыға жаңадан қосылған 8 ауданның тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Dalanews 13 там. 2021 08:10 775

Алматы қаласына жаңадан қосылған кенттердің сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін шешу мақсатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа шағын аудандарының инженерлік инфрақұрылымын дамытуды қамтитын «Жаңа Алматыны» дамытудың Кешенді жоспарын қабылдап, осы жоспардың іске асырылуын қолға алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

2020 жылы 160 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерінің құрылысы салынып аяқталды.

Қазіргі уақытта ұзындығы 170 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерінің (Алғабас, Ақжар, Әйгерім-1,2, Боралдай, Құрамыс, Кемел, Қайрат, Көкшоқы, Көлсай, Каменское плато, төменгі Пятилетка, Теректі, Таусамалы, Таужолы, Жас Қанат, , Шұғыла, Шапағат, Шаңырақ-1) құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Алдағы айларда Думан, Ақбұлақ, Қайрат, Әлмерек, Нұршашқан, Өжет, Қарасу шағын аудандарында, Құрылысшы шағын ауданының шығыс бөлігінде және Жетісу ауданының бірнеше ондаған көшелерінде орналасқан бірнеше мың жеке аз қабатты үй құрылыстары жаңа су құбыры және кәріз желілеріне толығымен қосылмақ.

Желілермен қатар бір мезгілде су тарту құрылыстары да белсенді салынуда, ағымдағы жылдың соңына қарай қуаты тәулігіне 15 мың текше метр болатын «Қарғалы» су тарту құрылысының жұмыстары аяқталатын болады, бұл жұмыстар 2020 жылы басталған. Аталған сүзгі станциясы Наурызбай ауданының Қарғалы, Қарағайлы, Таусамалы, Құрамыс, Тастыбұлақ шағын аудандарының 35,5 мың тұрғындарын сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Осы секілді Тастыбұлақ, Ақжар, Таужолы, Шұғыла шағын аудандарының 40 мыңнан астам тұрғындарын сумен жабдықтауға мүмкіндік беретін өткізу қуаты тәулігіне 22 мың текше метр құрылысты Ақсай өзенінде де салу жоспарлануда.

Бостандық ауданының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі 22 мың тұрғынды сумен жабдықтау үшін (Ерменсай, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка шағын аудандары кіреді) қуаты тәулігіне 9 мың текше метр болатын «Ерменсай» су  тартқышының жобалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі тұрғындардың мұқтаждығы үшін сорғы станциялары, таза су резервуарлары, жаңа су тарту ұңғымаларын қамтитын құрылыстар кешенін салу жоспарлануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар