Алматыға бір түнде шамамен 27 см қар жауды

Сағыныш Сардарова 11 нау. 2026 11:07

Алматыға 10 наурызда кешке жауа бастаған қар 11 наурыз таңға дейін жалғасты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазгидромет мәліметіне сәйкес қалада шамамен 27 см қар жауған.

"Қар жауа бастаған алғашқы сағаттан бастап коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерінде 75 жедел бригада, 2710 жол жұмысшысы, 1225 арнайы техника жұмылдырылған. 200-ден аса техника жолға көктайғаққа қарсы материал сеуіп жүр. Осыдан кейін техника 28 колоннаға біріктіріліп, магистральдық көшелерді тазалауға кіріседі. Синоптиктердің болжамынша, 11 наурызда күндіз жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы –6…–8°С шамасында болып, кейін тағы төмендейді", - деп жазылған хабарламада.

Қала тұрғындарынан жолда сақ болу, қар тазалайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеу үшін көліктерін көше бойына қоймау сұралды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove