Freedom Inside '26

Алматыдағы торттағы майшамдардан кафе өртке орана жаздады

Алматыдағы торттағы майшамдардан кафе өртке орана жаздады
видео кадры

Алматыдағы кафелердің бірінде туған күн кеші кезінде тортқа қойылған фейерверк-шамдар салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 29 сәуірге қараған түні Достық даңғылында орналасқан Friendly кафесінде болды.

Ведомство мәліметінше, түнгі уақытта мекемеде туған күн тойланып жатқан. Тортты безендіру үшін фейерверк-шамдар қолданылған. Соның салдарынан жоғары температура әсерінен ғимарат ішіндегі сәндік элементтер тұтанған.

ТЖД мәліметінше, нысан иесі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны және өрт туралы дер кезінде хабарламағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Жалпы айыппұл көлемі 129 750 теңге.