Алматыдағы метро бекетінен Назарбаевтың портреті алынып тасталды

Dalanews 19 қаң. 2024 13:46 1229

Алматыдағы "Алмалы" бекетінің қабырғасынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті алынып тасталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп.

Бұл өзгерісті қала тұрғындары сезбей де қалды. Қазір оның орнында Алматы метросының барлық дерлік бекетін безендірген Ғазиз Ешкенов пен Айдар Жамханның витраждары ғана қалды.



Назарбаевтың гүлдеп тұрған алма ағашына қарап тұрған бейнесі 2010 жылы пайда болды.

Алматы метросының баспасөз қызметі өкілі бұл жағдайға қатысты пікір білдірген.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""] "Суреттің жақтауы мен әйнегі сынуына байланысты демонтаж жасалды", — деді баспасөз хатшысы.

"Реставрациядан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті қайтарыла ма?" деген сұраққа метрополитен өкілдері "мамандар қарайды, мүмкіндік болса, орнына қайтарылады", - деп жауап берді. [/perfectpullquote]

Сурет: orda.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар