Алматыда заңсыз жүрген бірнеше елдің азаматы ұсталды

Қаракөз Амантай 11 шіл. 2024 11:53 2274

Алматы қаласында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы прокурорлары заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.

"Шетел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне, жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған. 05.06.2024 жылы Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды. Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды", - деп хабарлады прокуратура.

Әдетте, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кіріс органдары, жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеудін жарамсыз деп тану жұмыстарын жүргізуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар