Алматыда Владимир Жириновскийге ескерткіш қойылуы мүмкін - әкімдік не дейді?

Көркем Алдабергенова 11 нау. 2025 13:01 498

Алматы әкімдігі Владимир Жириновскийге ескерткіш қоюға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Алматы қаласының мәдениет басқармасына В.Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ, дейді Алматы әкімдігінің өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік депутаттар саясаткердің 80 жылдығына орай Алматыда оған ескерткіш орнатуды ұсынғанын хабарлаған едік

Мерейтойды атап өтуге арналған құжаттарда Алматы Жириновскийдің “кіші отаны” ретінде көрсетілген. Жобаны Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин қадағалайды.

Айта кетейік, 2005 жылы Владимир Жириновский Қазақстанды “ешқашан тарихта болмаған мемлекет” деп атаған мәлімдемесінен кейін, ел билігі Владимир Жириновскийді Қазақстанға кіруге және ел аумағында болуға тыйым салынған тұлға деп жариялаған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар