Ресейлік депутаттар саясаткердің 80 жылдығына орай Алматыда оған ескерткіш орнатуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Мерейтойды атап өтуге арналған құжаттарда Алматы Жириновскийдің “кіші отаны” ретінде көрсетілген. Жобаны Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин қадағалайды.
Айта кетейік, 2005 жылы Владимир Жириновский Қазақстанды “ешқашан тарихта болмаған мемлекет” деп атаған мәлімдемесінен кейін, ел билігі Владимир Жириновскийді Қазақстанға кіруге және ел аумағында болуға тыйым салынған тұлға деп жариялаған болатын.