Алматыда вакцина алғандардың саны 285 559 жетті

Алматыда вакцина алғандардың саны 285 559 жетті
21 мамыр күні жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 521  жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 463 симптомдық белгілері бар және  58 симптомсыз, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық емделіп шығарылғандар – 324, келіп түскені – 102.

Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 2 468 адам (оның ішінде 78 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  173.

ӨЖЖ – 25, инвазивті емес ӨЖЖ – 55, High flow-да 56 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 2 745 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 413, симптомсыз 332 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 3 088 адам вакцинация алды. 01.02.2021-21.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 285 559 адам вакцинацияланды. Жалпы қазақстандық QazVac вакцинасын 3 000 адам егілді. Қытайлық Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 7 883 адам алды.

Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен КВИ-ға қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 307 вакцинация бригадасында 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.