Алматыда түн ішінде қоймада алапат өрт болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
7 қаңтарда түнде Солтүстік айналым тасжолында орналасқан қоймада өрт шыққан. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеген. Өрт сөндіру оқпандары беріліп, автоцистерналар өрт сөндіру гидранттарына қосылған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 желісіне түспеген.
"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өртті сөндіруге 85 адам мен 22 техника жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ күштерімен өрт түні бойы 1900 шаршы метр алаңда сөндірілген.
