Freedom Inside '26

Алматыда түн бойы толассыз қар жауып, 22 жол апаты болған

Алматыда түн бойы толассыз қар жауып, 22 жол апаты болған
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 14 наурызда сағат 15:30-дан 15 наурыз сағат 5:00-ке дейін қалыңдығы 15 сантиметр қар жауды. Салдарынан бір тәулікте бірнеше жол апаты тіркелген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ауа райы нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

"Кейінгі тәулікте қалада барлығы 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қаза тапқандар жоқ.

Толассыз жауған қар қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатқаны анық: кептеліс пайда болып, көліктердің жолда жүруі қиындады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, көбіне бұл құбылыстар жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, жол апатын, қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрмет көрсетпейді, жаяу жүргіншілер дұрыс емес жерден жолдан өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсер етеді", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

"Қазгидромет" РМК болжамынша, бүгін күндіз ауа температурасы 0-… +2 градус аралығында болады, жауын-шашын жаумайды.