Оның айтуынша, Алматыда радикал болуы мүмкін тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізе отырып, құзырлы органдар адамды радикалдарға сырт келбетімен ұқсас келетін адамдарды ұстауы мүмкін.
«Қала үлкен. Осы идеяларды ұстанатындар бар. Олар жиналатын бірнеше мешіт бар. (...) Саудагерлері дәстүрлі емес ағымда жүргенін байқататын бірнеше сауда үйі мен базарлар бар. CarCity автобөлшектер базары бар, аэровокзал бар, телефон сатады ол жерде, назарымызға түскен тағы бір орын – Көк базардағы сауда нүктесі. Барахолкадағы кей базарлар, діни оқулықтар сатылатын орындар» дейді басқарма жетекшісі.
Сонымен қатар Айдар Есенбеков дінге бет бұруды қалайтын, бірақ, радикалды ағымдардан сақтанғысы келетін тұрғындарға өз ұсыныстарын айтты.
«Намазға жығылғысы немесе исламға бет бұрғысы келген адам мешітте қызмет атқаратын ресми имамға баруы керек. Көшеде біреулермен бұл мәселе бойынша тілдесудің керегі жоқ. Егер бәз біреулер дәріс тыңдауға, фильм көруге шақырса қауіптену қажет» деп өз кеңесін берді А.Есенбеков.
Дереккөзі: e-islam.kz