Алматыда Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының офисі ашлыды

Dalanews 16 қыр. 2023 09:21 961

Күні кеше ғана Алматы қаласындағы Достық үйінде тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының қалалық филиалының офисінің ашылуына қатысты іс-шара болып өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, республикалық тәжіктердің этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов бастаған тәжік этномәдени бірлестігінің мүшелері шарада Алматы қаласында тәжіктердің этномәдени орталығының қалалық филиалының ашылуы шаһардағы ұлтаралық татулықты нығайта түсетінін атап өтті.

Айтулы шара Марат Әзілханов құттықтау сөз сөйлеп, тәжік этномәдени бірлестігінің мүшелеріне қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда жан-жақты жұмыс істеп келе жатқанын алға тартты. Сонымен қатар жаңадан ашылған офис еліміздегі ұлтаралық келсімді нығайта түсуге өз үлесін қосатынын айтты.

Басқосуда Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов тәжік этномәдени бірлестігінің қызметіне тоқталып өтті.

Шара барысында Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы Алматы қаласындағы филиалының жаңа төрағасы Махмудулоев Додар таныстырылды.

Шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларына белсене атсалысып, қоғамдық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін ЭЫҰ өкілдері «Алғыс» төсбелгісімен марапатталды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар