Алматыда синтетикалық есірткі таратқан күдікті ұсталды

Самал Асқар 25 ақп. 2026 14:57

Оңтүстік астанада есірткіні байланыссыз тәсілмен таратты деген күдікке ілінген ер адамның заңсыз әрекеті әшкереленді,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің заңға қайшы әрекетін анықтаған.

Тексеру кезінде оның автокөлігінен синтетикалық есірткі салынған орамалар мен гашиш майы табылған. Анықталғандай, ол есірткіні «жасырын орындарға қалдыру» тәсілімен таратып, электронды төлем жүйелері арқылы ақша алып отырған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы жасырын түрде жүргізілетін есірткі саудасы қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіреді.

«Есірткі қылмысы жасырын форматта жүзеге асса да, қоғамға қауіп төндіреді. Біз мұндай құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде анықтап, жолын кесеміз. Алдын алу мен бақылау – жұмысымыздың негізі», – деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove