Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлі түрде алып қоюды бастау туралы бірнеше қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алатау ауданы
Алатау ауданында Мәдениет шағынауданындағы 24 жер телімін мемлекет мәжбүрлі түрде сатып алмақ. Бұл аумақта №196 мектепке арналған автотұрақ пен жалпыға ортақ нысан салу жоспарланған.
Мекенжайлар тізімі:
- Мәдениет шағынауданы, 294/16, 294/15, 294/14, 294/13, 294/12 учаскелері;
- Мәдениет шағынауданы, Сүлейменов көшесі, 19, 21, 22, 23, 24, 26 учаскелері.
Сонымен қатар Алатау ауданында жол салу үшін тағы бір жер телімі сатып алынады.
Жерді алу мерзімі - 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Алмалы ауданы
Алмалы ауданында қоғамдық кеңістік ұйымдастыру мақсатында TOPTUTAS ЖШС-не тиесілі жер телімі мемлекет меншігіне өтеді.
Мекенжайы:
– Қарасай батыр көшесі, 74-учаске.
Жерді алу мерзімі - 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Сондай-ақ 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін музей аумағын абаттандыру үшін тағы бір жер телімі сатып алынады.
Мекенжайы:
– Алмалы ауданы, 99-учаске.
Медеу және Жетісу аудандары
Медеу және Жетісу аудандарында мемлекеттік қажеттілік үшін 54 жер телімін алып қою жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар Райымбек даңғылын Жетісу көшесінен Шығыс айналма автожолына дейін ұзарту жобасы аясында жүргізіледі.
Мекенжайлар тізімі:
- Райымбек даңғылы: 15, 23;
- Коперник көшесі: 66;
- Шақшақ Жәнібек көшесі: 7/31;
- Есенберлин көшесі: 37;
- Мұғалімдер көшесі: 57/5;
- Желмая көшесі: 17, 21, 36А, 36, 22/81, 6А, 2;
- Менделеев көшесі: 74/32, 72;
- Чаплин көшесі: 29, 59/41, 51/79, 43/75, 23, 15, 21, 21А, 25;
- Титов көшесі: 79, 77, 90;
- Үштөбе көшесі: 109/14, 78;
- Сырдария көшесі: 69;
- Татар көшесі: 23/4, 4, 2, 6, 18/9;
- Донбасс көшесі: 6, 6А, 6/1, 2/1;
- Орынбор көшесі: 2;
- Қырым көшесі: 2Б, 6/6;
- Халиуллин көшесі: 87.
Бұл аумақтар 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін мәжбүрлі түрде алынады.
Сонымен қатар, Достық даңғылы, 154 мекенжайындағы ANCORP ЖШС-не тиесілі жер телімі де сатып алынады. Бұл жерде жаңа қоғамдық кеңістік құру және аудан аумағын абаттандыру көзделген.
Түрксіб ауданы
Түрксіб ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Осы мақсатта Осипенко көшесінің оңтүстігінде, Белград көшесінің батысында орналасқан алты жер телімі мемлекет меншігіне өтеді.
Мекенжайлар:
- Белград көшесі, 1;
- Осипенко көшесі, 30, 30/1, 32;
- Тынышбаев көшесі, 21, 4432.
Жерді алу мерзімі - 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Алматы қаласында жер телімдерін мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алу жұмыстарымен «Қала жер орталығы» басқармасы айналысады.
