Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент оқытушыға пышақпен шабуыл жасаған. Аталған оқиғадан кейін жәбірленуші жұмысқа қайта оралды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресми емес деректерде қақтығыс ALT University-де баға қою мәселесі бойынша туындаған деп айтылады. Дегенмен кейбір ақпарат көздері студенттің басқа кафедрада оқитынын және бұрын оқытушымен байланысқа түспегенін атап өткен.
Вице-министр бұл оқиғаны "қабылдауға болмайтын жағдай" деп бағалап, сол жерде болған адамдардың дұрыс әрекет еткенін атап өтті.
Полиция шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Студенттің оқу орнынан шығу мәселесі тергеу аяқталғаннан кейін қаралады.
