Алматының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
16-17 қаңтарда Алматы жолдарында көктайғақ болып,тұман түседі. Таулы аймақтарда да тұман түсіп, қар жауып, ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін.
"Жеке қауіпсіздікті сақтауға және уақытша тауға шықпауға кеңес береміз. Түтін құбырының герметикалық жағдайын қадағалаңыз, көмірқышқыл газы таралуына жол бермеңіз; электр құрылғыларды қосып, электр желілерін артық жүктемеңіз", - деп ескертті ТЖД өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда алдағы күндері қалың қар жауатыны хабарланды.
