Алматыда қатты жел салдарынан жолға ағаштар құлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ТЖД құтқарушылары Мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлерімен бірлесіп, жол қозғалысын қысқа уақыт ішінде қалпына келтірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
22 ақпан күні сағат 9:15 шамасында Медеу ауданында ағаштың жол үстіне құлағаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел түрде ТЖД құтқарушылары мен ұлттық парк мамандары барған. Бұған дейін, 21 ақпанда дәл осындай жағдай "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау курорты арасындағы жолда, Горельник пен "Апа-Катя" визит-орталығы маңында да болған. Екі жағдайда да жол толық тазартылды.
