Алматыда Қаңтар оқиғасында жоғалған атыс қаруы табылды

Сағыныш Сардарова 20 қар. 2025 10:54

Алматыда полицейлер ұрланған қару жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен жедел тергеу тобы және прокуратураның сотқа дейінгі тергеу басқармасы Қаңтар оқиғасында жоғалған атыс қаруын тапты.

Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінен тегіс ұңғылы, 12 калибрлі атыс қаруы табылды.

"Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды. 2022 жылғы 5 қаңтарда Қаңтар оқиғасы кезінде бұл қару Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі "Оружейник" дүкенінен жоғалған. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар