Алматыда орналасқан: Қазақстандағы алғашқы крематорий қашан ашылатыны белгілі болды

Сағыныш Сардарова 02 сәу. 2026 09:34

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап беріп, елдегі алғашқы крематорий қашан ашылатынын нақтылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, нысан іске қосылудың соңғы кезеңінде тұр. Крематорий сәуірдің соңына қарай жұмысын бастауы мүмкін.

"10-15 сәуір аралығында қалалық патологоанатомиялық бюро қызметкерлерін Новосібірде оқыту жоспарланған. Олар Алматыға оралғаннан кейін крематорийді сәуірдің аяғында ашу көзделіп отыр", - деп хабарлады басқарма.

Нысанды қаңтарда іске қосу жоспарланған еді. Алайда мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді.

Айта кетейік, бұл - Қазақстандағы алғашқы крематорий. Ол 2021 жылы салынған. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз крематорий қала әкімдігіне берілді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove