4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда «Батыр» Президенттік полкінің әскерилері салтанатты түрде ту көтеріп, әнұран жаппай шырқалды.Патриоттық іс-шара «Медеу биік таулы спорт кешенінде өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам, ҚХА және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараға барлығы мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қала аудандарында да мерекелік іс-шаралар мен әнұран салтанатты түрде орындалды. Алматы тұрғындары саябақтарда, мектептерде және басқа да қоғамдық орындарда еліміздің әнұранын орындады.
Мерекелік іс-шаралар «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің «Менің елім» патриоттық концертімен аяқталады.