Freedom Inside '26

Алматыда Мәслихаттың жаңа депутаты сайланды

Алматыда Мәслихаттың жаңа депутаты сайланды
Бүгін Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс VII сессиясында Алмат Қодасбаев мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осылайша, «Сайлау туралы» Заңға және «AMANAT» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының шешіміне сәйкес Алматы қаласы Мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы сайланды.

Айгүл Шалбаева – медицина ғылымдарының кандидаты, аталған салада 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Алматы медициналық институтын «Емдік ісі» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Алматы қаласындағы теміржол ауруханасында дәрігер-гинекологтан бастады. Қазіргі уақытта Айгүл Шалбаева «Керуен-Medicus» көпсалалы медициналық орталығының басшысы қызметін атқарады.

Сонымен қатар, сессияда депутат Жандос Нәдіров денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссиясының жаңа төрағасы болып сайланды.