Алматыда "Манхэттенде" ірі рейд жүрді: 1000-ға жуық құқықбұзушылық анықталды

Сағыныш Сардарова 05 қыр. 2025 11:58

Алматыда "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде ауқымды тексеру жүргізілді, нәтижесінде 1000-ға жуық құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен екі ай ішінде өкілетті органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде рейд өткізілген.

"Жұмыс барысында меншік иелерінің жұмыс орны, байланыс деректері, әрбір пәтер бойынша деректер базасы қалыптастырылды", - деп жазылған хабарламада.

Тексеріс 1000-ға жуық құқықбұзушылықты анықтауға мүмкіндік берген, олардың ішінде:

  • көші-қон заңнамасын бұзудың 120 фактісі;
  • қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 фактісі;
  • заңсыз жалға алудың 114 факті;
  • жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;
  • жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567фактісі;
  • алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 фактісі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар