Полиция департаменті Тергеу басқармасының мәліметінше, күдіктілерді полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері анықтаған.
Ұсталғандар – 1990 жылғы және 1987 жылғы ер адамдар. 1990 жылғы ер адамның осыған дейін қарақшылық үшін сотты болғаны айтылады. Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде халықты адам көп жүретін жерде жиналып, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырған.
«Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 3-бөлігі бойынша жазаланды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті сенімсіз дереккөздерден тараған ақпаратқа сенбей, арандатуға ермеуге шақырады», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.