Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде уақытша қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Dala News.
Қала әкімдігінің мәліметінше, орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 8 сәуір күні сағат 08.00-ден 20 сәуір күні сағат 08.00-ге дейін Мақатаев көшесінен Янушкевич көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс ішінара жабылады.
Ведомствоның дерегіне сәйкес, жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.
Қала тұрғындарына бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.
Сондай-ақ қозғалысқа енгізілген шектеулер туралы ақпарат Almaty.kz сайтында, AlmatyJoly Telegram-арнасында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде қолжетімді екені хабарланды.
