Алматыда жер сілкінісінен кейін ғимараттар қандай күйде?

Сағыныш Сардарова 04 нау. 2024 16:15 3522

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы өкілдері жер сілкінісінен кейін қаладағы ғимараттар қандай жағдайда екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жер сілкінісі салдарынан ғимараттарда зақым байқалады. Бұл негізінен төбе, сылақ, кафель және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарының элементтеріне қатысты.

Бұл зақымданулар тірек конструкцияларының бұзылуына жатпайды, өйткені әрлеу материалдарының тұрақтылығы бекіту сапасы мен материалдың өзі сияқты бірқатар фактіге байланысты.

Қазіргі таңда аудан әкімдіктері жанынан кешенді тексеріс жүргізу үшін уәкілетті органдардың құрамымен жұмыс топтары құрылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Жер сілкінісі салдарынан зақымдану анықталса, нысандардың тізімі сейсмикалық тұрақтылыққа тексеріс жүргізу үшін Алматы қаласының урбанистика және қала құрылысы басқармасына жіберіледі.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 4 наурызда Алматы уақытымен 11.22-де (2024 жылғы 04 Наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған ТЖД мәліметінде.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.2. MPV магнитудасы - 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматы қаласында 5 балл болып сезілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар