Қажеттілігіне қарай кейбір аймақтарда жасыл желектер күнделікті суарылады. Осы ретте қаладағы жасыл желектің жағдайын жақсы қалыпта сақтап қалу үшін минералдар мен қосымша қоректік заттар пайдаланылады.
Көптеген аймақтарда суарудың автоматтандырылған жүйесі қолданылады. Сондай-ақ, мердігерлер помпаларды пайдаланады, жүргінші көше бойындағы ағаштар автоматты түрде де, су тасығыш көліктің көмегімен де суарылып жатыр. Автоматты суару жүйесі істен шығып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтар қолмен суарылуда.
Суару жұмыстары күнделікті түнгі уақытта кестеге сәйкес жүргізіледі. Жоғары өтімділікті қамтамасыз ету үшін кейбір саябақтарда қосымша суару жүйелері іске қосылған.
Суару жұмыстарын 128 бірлік арнайы техника мен 74 мотопомпаның көмегімен 221 адам жүзеге асыруда.