Алматыда жаңа перинаталды орталық салынуда

Dalanews 11 қар. 2021 12:59 893

«Керуен» компаниясының  тобы Алматыда жаңа перинаталды орталықтың құрылысын бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған жобаны жүзеге асыру компанияның Алматы әкімдігімен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы ынтымақтастық арқасында мүмкін болды. Жобаны DAMU қоры қолдады және «Нұрбанк» АҚ қаржыландырды.

Орталық ең заманауиқұрылғылармен жабдықталады, «Керуен Medikus» клиникасының босандыру және жүктілікті жүргізу бойынша медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін едәуір ұлғайтады.

Сондай-ақ, орталықта неміс және корейлік серіктес клиникаларымен ынтымақтаса  отырып, жергілікті мамандар озық технологияларды мңгереді және білімдерін жетілдіреді. Мұндай серіктестік дәрігерлерге жетекші шетелдік клиникаларда, осы саладағы үздік мамандардан тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.

Жаңа орталықта 150-ден астам медицина қызметкері жұмыс істейтін болады. Құрылысты аяқтау 2022 жылдың соңына белгіленген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар