Freedom Inside '26

Алматыда ертең күн күркіреп, жел тұрады

Алматыда ертең күн күркіреп, жел тұрады
Dalanews.kz коллажы

Алматыда ертең күн күркіреп, жел тұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz

"30 қыркүйекте Алматыда күн күркіреп, 18 м/с жел ұйытқиды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Қазгидромет 30 қыркүйекке, 1, 2 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады.

"1 қазанда Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) болжанады. Сондай-ақ, 1 қазанда күндіз ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендеп, 2 қазанға қараған түні 1-3 градус үсік жүреді", - деп жазылған хабарламада.