Freedom Inside '26

Алматыда биыл қанша адам отшашудан зардап шекті?

Алматыда биыл қанша адам отшашудан зардап шекті?
Dalanews.kz коллажы

Алматыда мереке күндері 189 жедел жәрдем бригадасы тынбай жұмыс істеген. Бұл жайлы ӨКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл қалада пиротехникадан жарақаттану бойынша 20 жағдай тіркелген.

"Оның 11-і - балалар. Ең жас зардап шеккен бала 4 жаста болды. Он адам жедел жәрдеммен стационарға жеткізілді, жетеуі дәрігерге өз бетінше жүгініп, үшеуі жарақаты жеңіл болғандықтан ауруханаға жатудан бас тартты", - деді Андрей Ложкин.