Алматыда бетперде таққан үш адам үй иелерін байлап, тонап кеткен, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
12 қыркүйекте күдіктілер маска тағып, жеке үйге кірген. Шығын көлемі - 500 миллион теңге.
"Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және былтыр Алматы қаласында жасалған екі қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.