Алматыда базар маңында екі жүргізуші төбелесіп қалды

Қаракөз Амантай 06 қаз. 2025 10:46

Алматыдағы барахолка аумағында екі көлік жүргізушісі арасындағы дау төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Куәгерлердің сөзінше, жанжал кезінде ер адамдардың бірі сөмкесінен пышақ алып, қарсыласына қарай ұмтылған.

Оқиға орнында болған азаматтар екі жақты ажыратуға тырысқан.

Қалалық полиция департаменті қазір оқиғаның мән-жайын анықтап, қажетті сараптамалар жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жолда жанжал шығарған ер адам қамауға алынған еді.

Әлеуметтік желілерде жолда екі ер адамның арасындағы жанжалдың видеосы таралды. Кадрда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болғанын көруге болады.

ІІМ мәліметінше, тексеріс барысында ер адамның қолындағы зат тапанша емес, соның пішініндегі оттық екені анықталған.

"Ер адам дереу ұсталып, оның әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды", - деді полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар