Алматыда Apple тауар белгісінің атын жамылған контрафакт өнімдер тәркіленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Байсат" көтерме-бөлшек базары аумағында "Apple" тауар белгісімен ірі контрафакт өнім партиясын сату дерегі анықталды. Жеке кәсіпкер өңірлерге ұялы телефондардың (қуаттағыш құрылғылар, кабельдер, құлаққаптар, адаптерлер және т.б.) контрафакт аксессуарларын көтерме бағамен сатқаны анықталды.
"Бұл дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шамамен 2 млн. теңге сомасына 1,5 мың өнім тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Осыған ұқсас жайт Байсат көтерме-бөлшек базарының маңында орналасқан қойма үй-жайында анықталған. Онда WD-40 (әмбебап мақсаттағы техникалық аэрозоль) тауар белгісімен өнімдері бар көтерме қойма табылған.
Жеке кәсіпкерге қатысты ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шамамен 3 млн. теңге сомасына 2 мыңнан аса жалған өнім тәркіленді.
"Қазір барлық материал сотқа жіберілді", - деп жазылған хабарламада.