Алматыда балаларды емдеуге жатқызу шектеуі өзгертілді

Самал Асқар 07 сәу. 2026 17:20

Алматы қаласының прокуратурасы балаларды жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде олардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Dala News.

Биыл ақпан айында қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері шектеу шараларын енгізіп, қызылшаға қарсы екпесі бар балаларды ғана жоспарлы емдеуге жатқызуды қарастырған. Бұл ретте медициналық қарсы көрсетілімдері бар балалар ескерілмеген.

Прокуратура аталған талап балалардың құқықтарын шектейді деп танып, құқықтық актіге наразылық білдірді. Нәтижесінде қаулы заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

Ведомство азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove