Қазіргі сәтте, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаментінің ғимараты, Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы аумағы, Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында, Абылай хан даңғылы мен Қазыбек би көшесі аумағы оқшауланды.
«Абай даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында, яғни ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің ғимараты алдында қара киінген белгісіз біреу екі адамды атып құлатқан. Сондай-ақ, Абылай хан мен Төле би көшесінің қиылысында да тәртіп сақшыларымен белгісіз біреулер арасында атыс болған», – дейді куәгерлер.
Дереккөзі: Қазақпарат