Алматыда 23 ақпанда Ольга Әбдіғаппароваға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Dala News.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс Медеу аудандық №2 сотында қаралған. Сот шешімімен Ольга Әбдіғаппарова ҚР Қылмыстық кодексінің 195-бабы бойынша – алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру дерегімен кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Ольга Әбдіғаппарованың ұсталғаны туралы Алматы қалалық полициясы 2025 жылдың ақпанында хабарлаған. Тергеуге 2016–2018 жылдары жасалған шарттардың орындалуын талап еткен тұрғын үй кешеніндегі үлескерлердің ұжымдық арызы себеп болған.
Ал оның жұбайы, кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 2022 жылғы 5 шілдеде 1 млн доллар ұрлау ісі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол 2021 жылдың шілдесінде қамауға алынған болатын. Қылмыстық іс «AV Construction» ЖШС директорының арызы негізінде қозғалып, элиталық вилла саудасына қатысты болған. 2023 жылдың 11 сәуірінде Жоғарғы сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. 2026 жылдың қаңтарында оның қоныс колониясына ауыстырылғаны белгілі болды.
