Алматы қаласының Бостандық ауданында аялдамада тұрған 66 жастағы әйелге шабуыл жасап, аяусыз соққыға жыққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, оқиға Санаторий көшесінде болған. Анасы аялдамада автобус күтіп тұрған кезде, белгісіз жігіт арт жағынан келіп, еш себепсіз ұра бастаған.
Ильмираның сөзінше, күдікті маңайда адам азайған сәтті күтіп, қарт әйелге қатыгездікпен шабуыл жасаған. Қазір зардап шеккен әйел ауруханада жатыр, жағдайы ауыр.
Алматының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазір болған оқиғаны жан-жақты әрі объективті тергеуге бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
