Алматыда бұрын заңсыз иеліктен шығарылған ірі активтер қайтадан мемлекеттік меншікке өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иеліктен шығарылған мемлекеттік активтерді қайтару жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Осы шаралар аясында 2019 жылы «Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің заң талаптарын бұза отырып иеліктен шығарылғаны анықталған.ак
Медеу аудандық прокуратурасының талап-арызы негізінде сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Нәтижесінде мемлекетке жалпы құны 300 млн теңгеден асатын активтер қайтарылды.
Прокуратура мемлекеттік меншікті қорғау ерекше бақылауда екенін және бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатынын атап өтті.
