Алматыда 28 қыркүйекте марафонға байланысты бірнеше көшеде қозғалыс тоқтатылады

Ақтоты Жапатова 24 қыр. 2025 13:03

2025 жылдың 28 қыркүйек күні он төртінші Almaty Marathon өтеді. Биыл 60-тан астам елден келген 16 000 адам өз күшін сынау үшін сөреге шығады. Almaty Marathon ұйымдастыру комитеті оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын 28 қыркүйек күні жарыс қала көшелеріндегі қозғалыс ішінара шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

28 қыркүйек күні сағат 06:00-ден 12:30-ға дейін марафон қашықтықтары өтетін жолдарда көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Спортшылардың қашықтықты еңсеруіне қарай трассалар кезең-кезеңімен ашылып отырады.

Марафонның сөре және мәре сызығы Республика алаңында орналасады. Осыған байланысты 27 қыркүйек күні сағат 06:00-ден бастап 28 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін Сәтбаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысы тоқтатылады.

Назарбаев даңғылында Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы сағат 06:25-тен 09:35-ке дейін толықтай тоқтатылады. Баламалы бағыт ретінде Достық даңғылы арқылы екі бағытта да жүруге болады.

Іс-шара өтетін күні әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі аралықта сағат 06:30-дан 09:45-ке дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Батыс бағыттағы баламалы қозғалыс Төле би көшесі мен Абай даңғылы арқылы жүзеге асырылады.

Әл-Фараби даңғылының батыс бағытындағы Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта сағат 06:35-тен 10:15-ке дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Көшенің оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Батыс бағыттағы баламалы қозғалыс Төле би көшесі мен Абай даңғылы арқылы жүзеге асырылады.

Саин көшесінің солтүстік бағытындағы әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі бөлігі сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін жабылады. Көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Солтүстік бағыттағы баламалы қозғалыс Бауыржан Момышұлы көшесі арқылы жүзеге асырылады.

Абай даңғылының шығыс бағытындағы Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігі сағат 07:10-нан 11:30-ға дейін жабылады. Даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағыттағы баламалы қозғалыс әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі және Қабанбай батыр көшесі арқылы жүзеге асырылады.

Абай даңғылында Розыбакиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігі сағат 07:20-дан 12:00-ге дейін толықтай жабылады. Баламалы қозғалыс әл-Фараби даңғылы арқылы жүзеге асырылады.

Байтұрсынов көшесінің бойымен Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы сағат 07:30-дан 12:15-ке дейін толықтай жабылады.

Сәтбаев көшесінің бойымен шығыс бағытта Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі бөлігі сағат 07:40-тан 12:30-ға дейін толықтай жабылады. Шығыс бағыттағы баламалы қозғалыс Төле би көшесі арқылы жүзеге асырылады.

Шашкин көшесінің бойымен әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігі сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін толықтай жабылады. Баламалы қозғалыс Марков көшесі арқылы жүзеге асырылады.

Тимирязев көшесінің бойымен Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы сағат 07:10-нан 08:10-ға дейін толықтай жабылады. Батыс бағыттағы баламалы қозғалыс Абай даңғылы арқылы, шығыс бағыттағы баламалы қозғалыс әл-Фараби даңғылы арқылы қамтамасыз етіледі.

Байзақов көшесінің бойымен Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігі сағат 07:15-тен 08:15-ке дейін ішінара жабылады. Солтүстік бағыттағы баламалы қозғалыс Әуезов көшесі арқылы, ал оңтүстік бағыттағы баламалы қозғалыс Манас көшесі арқылы жүзеге асырылады.

Құрманғазы көшесінің бойымен Байзақов көшесінен Байсетов дейінгі бөлігі сағат 07:20-дан 08:40-қа дейін ішінара жабылады. Шығыс бағыттағы баламалы қозғалыс Төле би көшесі арқылы жүзеге асырылады.

Абылай хан даңғылының бойымен Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы сағат 07:25-тен 08:50-ге дейін ішінара шектеледі. Солтүстік бағыттағы баламалы қозғалыс Қонаев көшесі арқылы, ал оңтүстік бағыттағы баламалы қозғалыс Достық даңғылы арқылы жүзеге асырылады.

Желтоқсан көшесінің бойымен Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі 27 қыркүйек сағат 18:00-ден 28 қыркүйек сағат 16:00-ға дейін ішінара жабылады. Баламалы қозғалыс Достық көшесі арқылы жүзеге асырылады.

Берілген деректер жүгіруге қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді. 

«Almaty Marathon» 2025 кезіндегі жолдардың жабылу кестесі

27.09.2025

27 қыркүйек сағат 06:00-ден 28 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін

Сәтбаев көшесі (Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін)

27 қыркүйек сағат 18:00-ден 28 қыркүйек сағат 16:00-ға дейін

Желтоқсан көшесі (Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін)

28.09.2025

06:25–09:35

Назарбаев даңғылы (Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін)

Балама жол – Достық даңғылы (екі бағытта)

06:30–09:45

әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейін)

Даңғылдың оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

Балама жол – шығыс бағытта Төле би көшесі арқылы

6:35–10:15

әл-Фараби даңғылы (Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін)

Даңғылдың оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

Балама жол – шығыс бағытта Төле би көшесі арқылы

7:00–11:00

Саин көшесі (әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін)

Даңғылдың оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

Балама жол – солтүстік бағытта Бауыржан Момышұлы көшесі арқылы

7:10–11:30

Абай даңғылы (Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін)

Даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

Балама жол – шығыс бағытта әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі және Қабанбай батыр көшесі арқылы

7:20–12:00

Абай даңғылы (Розыбакиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін)

Даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

Балама жол – Әл-Фараби даңғылы арқылы

7:30–12:15

Байтұрсынов көшесі (Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін)

7:40–12:30

Сәтбаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін)

Балама жол – батыс бағытта Абай даңғылы арқылы, шығыс бағытта Төле би көшесі арқылы

7:00–08:00

Шашкин көшесі (әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін)

Балама жол – Марков көшесі арқылы

7:10–08:10

Тимирязев көшесі (Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін)

Балама жол – батыс бағытта Абай даңғылы арқылы, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылы арқылы

7:15–08:15

Байзақов көшесі (Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін)

Балама жол – солтүстік бағытта Әуезов көшесі арқылы, оңтүстік бағытта Манас көшесі арқылы

7:20–08:40

Құрманғазы көшесі (Байзақов көшесінен Байсейітова көшесіне дейін)

Балама жол – шығыс бағытта Төле би көшесі арқылы

7:25–08:50

Абылай хан даңғылы (Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейін)

Балама жол – солтүстік бағытта Қонаев көшесі арқылы, оңтүстік бағытта Достық даңғылы арқылы

Республика алаңына автокөлікпен жетуге ұсынылатын бағыт:

  1. Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев көшесіне дейін
  2. Назарбаев даңғылы бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
  3. әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы-Тауға дейін және Республика алаңына дейін жаяу жету
  4. Абай даңғылы бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін
  5. Шевченко және Құрманғазы көшелері арқылы Желтоқсан көшесіне дейін
  6. Метро арқылы «Абай» станциясына дейін

Жабылған жолдарды ескере отырып, жарысқа барудың оңтайлы бағытын 2ГИС қосымшасы арқылы құруға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар