Алматы зообағында арыстанға тас атқан тұрғын жазаланды

Көркем Алдабергенова 17 сәу. 2026 17:03

Алматы зообағында арыстанға тас атқан тұрғын жазаланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Алматы зообағы аумағында қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты бейнематериал анықталды.

Аталған бейнежазбада жас жігіттің арыстан қамалған вольерге қарай тасқа ұқсас затты лақтырғанын байқауға болады. Осы әрекеті арқылы ол қоғамдық тәртіпті және қоғамдық орында өзін ұстау қағидаларын өрескел бұзған.

Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Осы дерек бойынша оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қозғалды.

Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарап, азаматты кінәлі деп танылып, жауапқа тартылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove