Алматы тұрғындарына маңызды ескерту: алда -12 градусқа дейін аяз болады

Dalanews 07 жел. 2025 20:04

Мегаполис басшылығы тұрғындарға маңызды ескерту жасады. Алдағы күндері Алматыда аяз күтілуде, деп хабарлайды Dalanews.kz

 
Метеорологиялық қызметтің дерегінше, Алматыдағы күн райы аптаның басындағы плюстық температурадан аптаның соңындағы қарлы күндер мен айтарлықтай суыққа бірден өзгермек.

Ауа райының өзгеруі 10 желтоқсаннан басталады, ал 11-іне қараған түні температура минус 21 градусқа дейін төмендейді. Қала халқына барынша сақ болып, жылы киініп жүру ескертілді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар