Олжас Жаңабек 1992 жылы 13 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Пурдю университетін (Вест Лафайет, АҚШ) өнеркәсіптік инженер мамандығы бойынша бітірген.
Негізгі еңбек жолын 2014 жылы Honeywell компаниясында жоба инженері болып бастады, бес жыл бойы Қазақстан, Оңтүстік Корея және Болгарияда өнеркәсіпті автоматтандыру саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысты.
2020 жылы AirVision.kz Қоғамдық қорының жобалық кеңсесінің менеджері болды, кейін ұйымның вице-президенті болды.
Тағайындалғанға дейін 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін 2019 жылдан бастап Баян Қоңырбаев басшы болды.