ҚР Энергетика министрлігі Ядролық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысын бақылау мақсатында Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді.
Сұңғат Есімханов «Алматы электр желілері» АҚ («АлЭС» АҚ) ЖЭО-2-де болып, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жан-жақты қарады. Сондай-ақ, «АлЭС» АҚ басшылығымен әңгіме жүргізіп, жылыту маусымына дайындықтың өзекті мәселелері, оның ішінде жөндеу жұмыстарын уақытылы, сапалы жүргізудің тәуекелдері талқыланды.
Комитет негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстарының барысын жүйелі түрде бақылайды.