Алматы облысының Туризм басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Жарбол Кентұлы 08 сәу. 2024 10:58 2004

Алматы облысы әкімінің өкімімен 2024 жылғы 8 сәуірден бастап Қуанышбек Мирамбекұлы Алматы облысы туризм басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуанышбек Мирамбекұлы 1993 жылы Алматы облысы Іле ауданында туылған, білімі жоғары, 2012 жылы Сеул Кангнам университетінде адам ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша курстан өткен, 2013 жылы Бамберг Отто-Фридрих университетінде алмасу бағдарламасы студенті болған, 2015 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетін «экономикажәне бизнес», 2016 жылы Орталық Азия университетін «заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Болашақ бағдарламасы бойынша 2022 жылы Лондон Корольдік колледжінде құқық мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2012 жылы жеке кәсіпкер ретінде бастаған.

Әр жылдары «Хит трэвэл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерының көмекшісі, Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтының сарапшысы, ҚР Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығының кадрлық, заңдық қамтамасыз ету және құжат айналымы басқармасының басшысы, Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары институты директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

2022 жылғы тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Алматы облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар