Аталмыш орталық «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» гранты аясында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму минстрлігінің қолдауымен жалпыұлттық «Birgemiz Bilim» жобасы шеңберінде Алматы облысының шалғайда және ауылдарда орналасқан орта мектеп оқушыларына арнайы ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін оқыту, компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа үйрету сынды курстарды ұйымдастырған.
Қазіргі таңда аталмыш жобаға 800 оқушы қатысып жатыр. Осыған орай, Талдықорған қаласындағы Достық үйінде жоба аясында ағылышын тілі бойынша олимпиадаға қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қоса, Еңбешіқазақ, Іле, Талғар, Кеген, Панфилов аудан шәкірттері «ZOOM» платформасы арқылы онлайн байланыс арқылы іс-шараға қатысуға мүмкіндік алды.
8-10 сыныпта оқитын 9 оқушы судай жаңа смартфон еншіленсе, 3 орын иегерлері сөмкемен мен құлақшынға ие болды. Жалпыұлттық «Birgemiz Bilim» орталығының белсенді волонтерлердің ата-анасына алғыс хатпен марапаттады.
Бұл жоба волонтерлер жылында жүзеге асырылған маңызды бастама, құрамында 87 белсенді, ал 7-еуі супервайзерлер қатарында ел игілігі үшін еңбек етті.
«Алматы облысының білім басқармасы» ММ басшылығымен жасалып отырған жоба әлі де талай жоғары нәтижелер көрсетеді.
«ДОС.kz» әлеуметтік волонтерлер орталығы жалпыұлттық «Birgemiz Bilim» жобасы болашақта сапалы әрі нәтижелі жұмыс жасау мақсатында Қазақстан Халқы Ассамблеясымен, Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығымен, «Талдықорған қалалық Назарбаев интеллектуалды мектебі» және «Алматы облысының азматтық альянсы» өзара әріптестік Меморандумына қол қойды.
Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.