Алматы облысының шалғай аудандары референдумда ерекше белсенді болды

Dalanews 15 нау. 2026 20:56

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының жалпы қорытындысы бойынша Алматы облысы тұрғындарының 71,46 пайызы референдумға қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Өңірде дауыс беруге құқылы 1 миллионнан астам азамат бар болса, соның 800 мыңға жуығы өз таңдауын жасады.
Әсіресе шалғай аудан халқы ерекше белсенділік танытты. Оның ішінде Алматы облысының Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарында тұрғындардың 90 пайыздан астамы дауыс беруге белсене қатысқан.

Референдум талапқа сай ұйымдастырылып, ашық әрі заң аясында өтті. Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп сақталып, ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove