Қазіргі күні облыста электр энергиясын тұтыну 730,65 МВт құрайды. Оның ішінде меншікті өндіріс 313,18 МВт, оның ішінде ЖЭК үлесі – 78 МВт немесе 25%.
2025 жылға дейін жалпы қуаты 398 МВт болатын 320,2 млрд.теңгеге 26 жобаны іске асыру және ЖЭК үлесін 42%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Биыл 179,5 МВт құны 98,7 млрд теңгені құрайтын 6 нысан іске қосылады.
Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту нәтижесінде 64 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.