Алматы облысындағы көпқабатты үйлерге Мемлекеттік Ту ілінді

Dalanews 11 жел. 2021 08:02 923

Ағымдағы жылдың 10-желтоқсанында  аймақтағы барлық елді мекендерде "Ту терезеде" және "Менің Туым-Менің Қазақстаным!" атты науқан бастау алды. Аталған шара 16-желтоқсанға дейін жалғасын табады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, бұқараның патриоттық сезімін арттыру, Мемлекеттік рәміздердің құндылығын дәріптеу мақсатында "Ту терезеде" акциясы өткізілуде.

Айта кетейік, қазақстандықтар аталмыш бастаманы оң қабылдауда. Тіпті, әлеуметтік желілерде бейнежазба және суреттермен белсенді түрде бөлісуде.

Шараның алғашқы күні, 40 флешмоб өткізілген болатын. Сонымен қатар, акция шеңберінде 100-ден астам үйлерде Мемлекеттік Ту ілініп, Әнұран мен патриоттық әндер шырқалды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар