Іс – шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен "Мемлекеттік туым-менің мақтанышым" челленджі аясында ауқымды трендтік бейнеролик түсірілді.
«Көк туымыз бейбітшіліктің символына айналды. Әнұранымыз әлемнің әр тарабында шырқалып, жасампаздықтың жыры болып келеді. Мұның барлығы қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады.
Өз кезегінде Тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш»,- деді өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде.
Мерекелік іс-шараға еңбек ардагерлері, өңір аумағында жұмыс істейтін ҚР Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, оқушылар, студенттер, кәсіпкерлер, әскери және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, бұл күні Қазақстан жалаулары бар ретроавтобильдердің дәстүрлі жылжымалы көрмесі өтті. Онда қала тұрғындары бір кездері Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың автомобилін тамашалады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Алматы облысының жастары ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібековпен кездесті.
Сонымен қатар, бұқаралық салтанатты іс-шаралар Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында өтт