Осы бағыттағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қолданыстағы заңнамаға енгізілген тиісті өзгертулерге байланысты 30 тұлға әкімшіліқ қамаққа алынды, 11 азаматқа ескерту жасалып, 2 адам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Облыстық тәртіп сақшылары отбасылық қатынастарды дәріптеу, жанұядағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда. Жыл басынан бері облысымызда 300 астам құқық бұзушылық тіркелді. Аталған деректер бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, отбасылық зорлық-зомбылық көрсеткіші 32 пайызға төмендеді", - деп атап өтті Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес полицейлер әлеуметтік көмек көрсету орталықтарымен, психологтармен және тиісті мамандармен бірлесіп, отбасында зорлық көрген әйелдер мен балаларға қолдау көрсетеді.
Биыл Отбасында зорлық-зомбылық көргендерге әлеуметтік көмек беру орталықтарына 7 әйел мен 14 бала жеткізілген. Аталған орталықта қызмет алушыларға жан-жақты психологиялық және құқықтық кеңестер беріледі.