Алматы облысында шенеуніктерді қорқытып-үркіткен судья жазалануы мүмкін

Қаракөз Амантай 08 сәу. 2025 15:21 997

Алматы облысындағы аудандық соттардың бірінің төрайымы “судья әдебі” нормаларын өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Бұған себеп – оның қызмет этикасына мүлдем сай келмейтін әрекеті. Судьялар одағы бұл жағдайды талдап, оның әрекетін орынсыз деп таныды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетейік, бұл шешім Orda.kz редакциясы жариялаған дау тудырған материалдан кейін қабылданып отыр.

Оқиға қалай басталған еді?

Ақпан айының соңында Orda.kz редакциясы қолына түскен аудиожазбада судья бейәдеп сөздер айтып, адамдарды қорқытып-үркіткен. Оның сөйлеу мәнері 90-жылдардағы қылмыстық орта тілін еске түсіреді. Мысалы, мынадай сөздер айтылған:

Мысалы, мынадай сөздер айтқан:

“— Сен не, б**дь, мен жайдан-жай шу шығарып жүр деп ойлайсың ба? Әлде бекерден-бекер тиісіп жүрмін дейсің бе?!

— Сен маған қарсы шыққың келе ме? Онда ашық айт! Мен сенімен басқаша сөйлесетін болам!”, — делінген аудиожазбада.

Редакция дереккөздерінің айтуынша, мұндай мінез-құлық судья үшін үйреншікті жағдай.

Алайда аудан тұрғындары мен жергілікті шенеуніктер одан жасқанып, үндемей келген. Себебі бұған дейін де шағымдар болғанымен, “жоғарыда таныстары бар” деген сыбыстарға байланысты ешкім шара қолдана алмаған.

Тіпті Orda.kz-тің даулы материалынан кейін де судья өз әрекетін тоқтатпаған. Оның әріптестері судьяның агрессиялық мінез-құлықтың жалғасқанын хабарлаған.

Бір айға созылған тексеру нәтижесінде Алматы облыстық Судьялар одағының этика комиссиясы бұл әрекеттердің судья әдебіне қайшы екенін мойындады.

Қазір бұл іс Сот қазылар алқасының тәртіптік комиссиясына жолданды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар